Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Абай облысында білім беру және энергетика саласында мамандар тапшы

Абай облысында білім беру және энергетика саласында мамандар тапшы

17.01.2024

Бос жұмыс орындарда 85 мыңнан 865 мың теңгеге дейін жалақы ұсынып отыр.

"Қазіргі таңда Абай облысында 3 975 бос жұмыс орны болса, оның 790 тұрақты жұмыс орны. Тұрақты жұмыс орындарының жалақысы 85 мың теңгеден 865 мың теңгеге дейін", — делінген облыстық әкімдік таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан субсидияланатын, жалақысы 85 мың теңгеден басталатын уақытша жұмыс орындарына үш мыңнан астам бос жұмыс орындары бар.

Тұрақты жұмыс орындарына келесі кәсіби бағыттар бойынша кадрларға негізгі қажеттілік анықталды:

  • Білім және тәрбие беру – 188;
  • Біліктілігі жоқ мамандықтар – 89;
  • Өндіріс – 81;
  • Медицина және фармацевтика – 51;
  • Қаржы және бухгалтерлік есеп – 46;
  • Көлік және логистика – 46;
  • Энергетика – 46;
  • HR және хатшылық – 32;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 23;
  • Сауда және қойма шаруашылығы – 21;
  • Қызмет көрсету мен сервис– 21;
  • Мәдениет және спорт – 19;
  • Ауыл шаруашылығы – 16;
  • Тамақтану – 14;
  • Құрылыс және сәулет – 14;
  • Құқықтану – 14.

Сурет: ашық дереккөздерден

Похожие материалы (по тегу)

TOP