Вы находитесь здесь:Главная/Актуально/"Тергеуге көмектесуге бар күшімізді саламыз": Салтанат Нүкенова көз жұмған мекеме өкілдері мәлімдеме жасады

"Тергеуге көмектесуге бар күшімізді саламыз": Салтанат Нүкенова көз жұмған мекеме өкілдері мәлімдеме жасады

17.11.2023

Астанада Салтанат Нүкеноваға қатысты қайғылы оқиға орын алған Гастроцентр орталығы көпшілікке мәлімдеме жасады.

Айтуларынша, қазір "ВАU" мейрамханасымен жалға беру шарты бұзылып, тергеу жұмыстарына көмектесуге күш-жігерін салып жатыр екен. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мекеме өздеріне қарасты мейрамхана аумағында орын алған қайғылы оқиғаға қатты өкінетінін жеткізіп, Салтанат Нүкенованың отбасына көңіл айтты.

“Құрметті қазақстандықтар! Болған оқиға бізді қатты күйзеліске ұшыратты. Дегенмен, Гастроцентр басшылығы мен қызметкерлері тергеу жұмыстарына көмектесу үшін бар күш-жігерін салады. Біз қоғамның наразылығын толық қолдаймыз: зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды.
Жағдайға байланысты бірқатар шешімдер қабылдадық”, – делінген Гастроцентр хабарламасында.

Орталық сонымен қатар, "BAU" мейрамханасының Гастроцентрде орын жалға алған 30 мекеменің бірі екенін атап өтті. Дегенмен онымен жасалған шарт енді бұзылған екен.

“Ортақ құрылтайшылардың бірауыздан шешімімен "ВАU" мейрамханасының иелерімен жалға беру шарты бұзылды. Гастроцентрге жаңа директор тағайындалды. "Гастроцентрді" қорғау бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтіледі: қауіпсіздік қызметін көрсететін ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде”, – деді мекеме.

Гастроцентр сөз соңына қазір қауіпсіздік бағытында жұмыстардың жүргізіліп жатқанын алға тартты.

Похожие материалы (по тегу)

TOP