Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс Такси қызметіне қатысты монополияға қарсы тергеуді аяқтады. |
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Мекеме екі бап бойынша жазаланды. Біріншісі – бақылау-кассалық аппараттың бағдарламалық қамтамасыз етуіне техникалық қолдау көрсету қызметін енгізу. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл Яндекс Такси тарапынан такси парктерінің шаруашылық қызметін үйлестіру деген қорытындыға келді.
Жазаның екінші себебі Яндекс Таксидің Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ақпарат бермеуі.
«Яндекс Такси Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдаудың мемлекеттік қорына өз еркімен үш миллиард теңге аударды» делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, агрегатор жүргізушілер мен жолаушыларға да әсер ететін бірнеше өзгерістер енгізуге келісті.
14 желтоқсаннан бастап Яндекс Такси бағасы базалық бағадан екі есе жоғары тапсырыс бойынша комиссияны жойып, қосымша бонустық бағдарлама енгізді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта жүргізушілерге агрегаторлармен тікелей – такси паркіндегі делдалсыз өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін заңнамаға түзетулер әзірленуде. Қазіргі уақытта делдал комиссиясы 4-8% аралығында.Жолаушыларға қатысты өзгерістер, ең алдымен, тарифтерге әсер етеді. Қолданба енді тапсырыстың қымбаттауы негіздемесін және оның өзгерістері болжамын көрсетеді. Ал баға базалық құннан үш есе асып кеткен жағдайлар енді тоқсан сайын 5 пайыздан аспауы тиіс.
«Бірге» тарифі сұранысы жоғары болған кезде де базалық бағадан екі есеге аспайды. Ал балалары бар жолаушылар «Балалар» тарифін балалар орындығы немесе көтергіш орындығы бар такси шақыру арқылы пайдалана алады.
«Такси жүргізушілерімен тиімді қарым-қатынас жасау және клиенттермен байланысты сақтау үшін Call-орталығы «тікелей» оператормен жұмыс істейді» делінген хабарламада.
Агенттікпен келісілген жаңа жұмыс жағдайларын мониторингтік топ бақылайды, оның құрамына бірнеше мемлекеттік департаменттердің, такси қауымдастықтарының және кәсіби қоғамдастық өкілдері кіреді.