Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келеді – Қырғызстан президенті

Қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келеді – Қырғызстан президенті

21.11.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы құттықтағаны үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдіріп, Қырғызстанмен арадағы көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретініне ниетті екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

TOP