Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Алдағы күндері қарлы бұрқасын соғып, 22 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері қарлы бұрқасын соғып, 22 градусқа дейін аяз болады

16.11.2022

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Республиканың басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Сонымен бірге жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі. Кезеңнің соңында фронтальды ағындардың өтуімен бірге республиканың басм бөлігінде жауын-шашын болады, солтүстікте қар, ал оңтүстік пен батыста жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша желдің 15-23 м/с дейін күшеюі, көктайғақ, тұман болса, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта ауаның температурасы 8-22 градусқа дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

TOP