Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Қазақстанда қыркүйек айында 102 мыңнан аса автокөлік есепке қойылды - статистика

Қазақстанда қыркүйек айында 102 мыңнан аса автокөлік есепке қойылды - статистика

15.11.2022

Биылғы қыркүйекте 102,2 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға көп.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұның ішінде жеңіл автомобильдер – 10,4%-ға, жүк көліктері – 20,8%-ға, ал автобустар саны 5,6%-ға артқан.

«Мәселен, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 362 мыңды құрады, оның ішінде 87,8%-ы жеңіл автомобильдер, 10,2%-ы жүк көліктері және 2%-ы автобустар.

Жыл басынан қыркүйектің соңына дейін елімізде 10 258 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 092 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 8,9%-ға артты», — деп жазды ведомстводан.

TOP