Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Бүгін Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғары болады

Бүгін Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғары болады

14.11.2022

Бүгін Алматы қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

«14 қараша күні қалада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел жылдамдығы — 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус салқын, күндіз 9-11 градус жылы. Келесі күні де осындай.

Бүгін — тәулік бойы, ертең түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің көтеріңкі болуы күтілуде», — деп жазды ведомстводан.

TOP