Бүгін Алматы мен Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Қазгидромет
«13 қараша күні Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел — 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
Шымкентте де осындай, кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші — 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады», — деп жазды ведомстводан.
Бүгн тәулік бойы, 14 қараша түнде екі қалада да метеорологиялық жағдайлар атмосфераға ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің төмен болуы күтілуде.