Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Астанада қос жұмысшы 14-қабаттан құлап, біреуі қайтыс болды

Астанада қос жұмысшы 14-қабаттан құлап, біреуі қайтыс болды

11.11.2022

Бүгін Астанадағы көп қабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.

Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама түскен. Тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

TOP