Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Қарағанды мен Павлодар арасында жол жабылды

Қарағанды мен Павлодар арасында жол жабылды

11.11.2022

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар жолда қозғалысқа шектеу қойылғанын мәлім етті

Қарағанды өңірінде 11 қараша таңғы сағат 10.30-дан бастап «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар күре жолының 992-1135 шақырым аралығында көлік қозғалысына тыйым салынады.

Бұл — Мұстафин қаласынан Павлодар облысы шекарасына дейінгі учаске.

Оның ішінде көліктің барлық түрінің жүруіне рұқсат жоқ.

Жолдың жабылуына себеп — температураның күрт төмендеуі.

TOP