Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Елімізде бала туу көрсеткіші 11,5 пайызға азайып кетті

Елімізде бала туу көрсеткіші 11,5 пайызға азайып кетті

11.11.2022

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 299,7 мың сәби дүниеге келген, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға аз (338,8 мың адам). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті — 20,41 сәби.

Қарастырылып отырған кезеңде 101,7 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылдың алғашқы тоғыз айына қарағанда 26,1% аз (137,6 мың адам).

Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға — 6,92 қайтыс болған.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 2 453 нәрестенің шетінеуі тіркелді және былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2 682 шетінеген нәресте) көрсеткіш 8,5%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 жаңа туған балаға — 8,18 оқиға.

TOP