Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті

Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті

09.11.2022

ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық қоғамдық штаб (РҚШ) мүшесі Дмитрий Колода бастаған Халықтық коалиция өкілдері Солтүстік Қазақтан облысындағы Тайынша ауданына барды. Бұл туралы қоғамдық штаб хабарлайды.

Кездесу «EMCAgro» ЖШС және «BioOperations» ЖШС-да өтті. Бұл – аудандағы шикізатты өңдеумен айналысатын ірі өндірістік нысандар. Депутат Д.Колода сайлаушыларды ҚР президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сондай-ақ РҚШ мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен және Тайынша ауданының жұртшылығымен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

TOP