Пара алды деп күдікке ілінген «Астана-Зеленстрой» ЖШС бас директоры А. Наурызәліге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралыСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлайды.
«Наурызәлі биыл 2 қыркүйекте «Табиғат НС Сервис» ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдікке ілінген.
Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т. б. расталады», — делінген хабарламада
А. Наурызәлі кінәсін толық мойындаған. Оған қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.