Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Елордада аялдамадан ер адамның денесі табылды

Елордада аялдамадан ер адамның денесі табылды

09.11.2022

Елордада автобус алдамасынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.

Бүгін сағат 8:20 шамасында «102» каналына Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» сауда үйі» аялдамасында адамның қозғалыссыз жатқаны туралы қоңырау түседі.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 51 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Зорлықпен өлтіру белгілері болмаған. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

TOP