Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Жаңадан құрылған облыстарда кәсіпкерлер палатасының өкілдігі ашылды

Жаңадан құрылған облыстарда кәсіпкерлер палатасының өкілдігі ашылды

04.11.2022

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдары жұмыс істейді. Бұл туралы шешім палатаның Х съезінде шығарылды, деп хабарлайды atameken.kz сайты.

Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков өңірлік кәсіпкерлер палатасын құру бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау міндеттерін іске асыру үшін қажет екенін атап өтті.

«ҰКП барлық кәсіпкерді бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне кеңінен қамтуы және тартуы керек. Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерін бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етуі тиіс», — деді Тимур Нақыпбеков жаңадан құрылған өңірлік палаталардың маңызы туралы.

Сондай-ақ, съезд делегаттардың қарауына жаңадан құрылған өңірлік кеңестердің сандық құрамын анықтау туралы мәселе шығарылды. Абай және Жетісу облыстарында кеңеске шағын, орта және ірі бизнестің 25 өкілі, Ұлытауда 15 өкілі қосылады.

TOP