Вы находитесь здесь:Главная/Новости/АрселорМиттал Теміртау кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті

АрселорМиттал Теміртау кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті

03.11.2022

АрселорМиттал Теміртау кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Соңғы ақпарат бойынша АрселорМиттал Теміртау кенішінде қайтыс болғандардың саны 5 адамға жетті. Тағы бір адамның денесі табылды» делінген хабарламада.

Бесінші кеншінің денесі апаттық-құтқару жұмыстары кезінде таңғы сағат 09:09-да табылғаны белгілі болды. Ол жайлы облыс әкімдігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде шахтада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин шахтасында апат болып, 4 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

TOP