Ересектер арасындағы ITF пен WTA турында рейтингі жоқ жас спортшымыз Италияның Соларино қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 жарысының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Бірінші айналымда Зара италиялық Джорджи Паттиді 6:1, 6:2 есебімен жеңді, ал іріктеу кезеңінің финалында ол тағы бір жергілікті теннисші Камилла Лерволинодан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.
Негізгі кезеңнің алғашқы айналымында Ақтөбе теннис мектебінің түлегі 25 жастағы британ спортшысы Абигейл Амоспен кездеспек. Амос әлем рейтингіндегі 1236-орынға ие.