Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстары көбейгенімен, жауапқа тартылғандар саны, неге екені белгісіз, азайды

Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстары көбейгенімен, жауапқа тартылғандар саны, неге екені белгісіз, азайды

02.11.2022

2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында елімізде 1,6 мың қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 11,1% артық, деп хабарлайды ranking.kz.

Өңірлер бойынаш ең көп сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар Қарағанды облысында тіркелді: 207 оқиға, бір жылда 3 есе өскен. Одан кейін Астана (144 жағдай, 2,9% өскен) және Шымкент (129 жағдай, 25,2% өскен) қалалары. Саладағы барлық құқық бұзушылықтардың ең азы жаңадан құрылған облыстарда — Ұлытауда (2 жағдай), Абайда (9 жағдай) және Жетісуда (15 жағдай) тіркелді, бұл жаңа өңірлер бойынша статистиканың ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Қылмыстардың басым бөлігі ауыр — 1,1 мың іс. 342 жағдай орташа ауырлық дәрежесіне, 69 жағдай жеңіл дәрежеге, 25 жағдай ерекше ауыр санатқа жатады.

Пара алу барлық қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың 28,7%-ын құрады: 449 оқиға, бір жыл бұрынғыдан 8% аз.

Жиі жасалатын қылмыстардың қатарында пара алу (424 жағдай,бір жылда 10,7% көбейген) және алаяқтық (280 жағдай, 2 есе өскен). Одан кейін лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (112 іс, 6,7% азайған), сондай-ақ басқалардың сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру (98 жағдай, 30,5% азайған).

Бір қызығы, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша сотқа тартылғандар саны 639 адамды құрап, бір жыл бұрынғыдан 13,5% азайған.

Мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын көбінесе әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жасады: 118 адам, бір жылда 9,2% азайған. Одан кейінгі орында ішкі істер органдарының қызметкерлері (112 адам) және Қаржы министрлігінің қызметкерлері (39 адам). Сондай-ақ жыл басынан бері 5 әкім, 1 судья, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 7 қызметкері, прокуратураның 2 қызметкері де жемқорлықпен ұсталған.

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақша ағымдағы жылдың қараша айынан бастап мектеп құрылысына бағытталатын болады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы. Бұл шамамен қазір 100 млрд теңге.

TOP