Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Жайлы мектеп: Елордада білім ошақтарының құрылысы келер жылы басталады

Жайлы мектеп: Елордада білім ошақтарының құрылысы келер жылы басталады

02.11.2022

Астанада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 84 мың оқушыға арналған 23 мектеп салынады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.

«Елорда тұрғындарының жыл сайын артып келе жатқаны ескеріліп, оқу орындары орналасатын жер учаскелерінің де санын көбейттік. Қазіргі уақытта мектеп салынатын 102 жер учаскесін белгіледік. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттіліктеріне орай қаланың барлық ауданында орналасқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 23 аса ірі мектептің жобасын жүргізіп жатырмыз. Бұл 23 мектеп 2 ауысымда 84 мыңнан астам оқушыны қамтуға мүмкіндік береді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында білім ошақтарының құрылысын келесі жылы бастаймыз», — деп жазды қала әкімі өзінің Іnstagram парақшасында.

Оның атап өтуінше, 2019 жылдан бастап елордада аумағында 93 мың оқушы орнына арналған 2 ауысымды 45 мектеп салынған. Бұған қоса, биылғы жылдың соңына дейін тағы 9 білім ордасы ашылмақ.

TOP