Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

01.11.2022

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның 11 облысында желдің екпіні күшейіп, көктайғақ пен боран болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

2 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Таразда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз 25 м/с болады.

Қызылордада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

2 қарашаға қараған түні Қарағанды облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел орталықта оңтүстіктен, облыстың шығысында екпіні 15-20, кейде 25 м/с дейін барады.

Қарағандыда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні — 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, аздаған бұрқасын болады. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Оралда түнде және таңертең көктайғақ болып, баяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тауларда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте, батыста солтүстік-батысқа ауысады, таулы және тау етегіндегі аудандарда — 15-20, таулы асуларда екпіні — 23-28 м/с.

Шымкентте 2 қарашада таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің Алакөл маңында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстік-батысында және солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.

Петропавлда күндіз көктайғақ. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Атырау облысының басым бөлігінде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырауда батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.

Ақтауда солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде баяу бұрқасын соғады. Солтүстікте түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбеде күндіз баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз — 15-20 м/с.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қараша айында республиканың бүкіл аумағында ауа температурасы климаттық норма шегінде болады, жауын-шашынның таралуы келесідей: Қазақстанның батыс жартысында төменгі норма, шығыста — нормаға жуық.

TOP