Қазақстанда өткен тәулікте 24 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл өткен тәуліктегіге қарағанда көбірек (15 адам), деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 1 қарашадағы мәлімет бойынша, 812 адам коронавирус инфекциясынан (–668+ және 144 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 74 пациент стационарда, 738 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ 10 842 967 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін алса, 10 604 954 адам II компонентін салдырған. Ревакцинацияланғандар саны – 5 609 917.