Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігіне ылғалдың мол қоры бар солтүстік-батыс циклоныны ықпал етеді. Ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қаржауады. 1 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 2-3 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсер жауын жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, елдің солтүстік жартысында жел күшейіп, бұрқасын соғады. Республика бойынша температура күрт өзгермейді, тек оңтүстікте 1 қарашада ауа температурасы күндіз 10-22 градус жылы, одан кейін 2 қарашада 5-13 градусқа дейін суық болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 31 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың әсерінен күн құбылмалы болады, жауын, қар жауады.