Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Новосибирск қаласына рейстер уақытша тоқтатылды

Новосибирск қаласына рейстер уақытша тоқтатылды

30.10.2022

QAZAQ AIR әуе компаниясы 30 қазандағы Астана – Новосибирск бағытындағы рейстің тоқтатылғанын мәлім етті.

Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының Астана – Новосибирск, Өскемен – Новосибирск бағыттары бойынша халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстер уақытша тоқтатылды.

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттіктен сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек.

«Авиакомпания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Біз барлық жолаушыларды кестенің алдағы өзгерістері туралы хабардар етеміз»,-делінген хабарламада.

TOP