Шымкенттік полиция қызметкері Қымбат Ахмет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты
Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 25 қазан мен 2 қараша аралығында Душанбе қаласында аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты өтеді.
Жарыста Азияның 22 мемлекетінен келген 500-ге жуық спортшы өзара бақ сынауда. Қазақстан намысын қорғауға үздік 37 спортшы барған.
Шымкент қалалық Полиция департаменті жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Қымбат Ахмет 47 келі салмақта Азия чемпионы атағын жеңіп алды.