Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының Наурызбай ауданы Е5 «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің 28 үйін жылыту жүйесіне неліктен қосылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.
«Қазіргі таңда «Алма Сити» Е5 тұрғын үй кешені пайдалануға берілмеген және қала баллансында емес. Сонымен қатар, тұрғын үй кешені бойынша коммуналдық кәсіпорындар қол қоюға тиіс нысанның дайындығы туралы декларация жоқ.
Тұрғындарды пайдалануға берілмеген үйге орналастыру үшін «Qazaq Stroy» ЖШС құрылыс салушы компаниясы жауапты. «Qazaq Stroy» мәселені шешіп, үйлерді орталық жылумен тезірек жабдықтауға қосу үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Құрылыс салушы өз міндеттемелерін орындау бойынша кепіл хат ұсынды»,-делінген хабарламада.
Сонымен қатар, барлық техникалық құжаттаманы алған соң «Алматы жылу желілері» ЖШС қызметкерлері тұрғын үйлерді тұрақты жылумен жабдықтауға қосу мүмкіндігін бағалау үшін қайтадан тексереді.