Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Сеулде қаза болғандардың арасында қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ - ҚР СІМ

Сеулде қаза болғандардың арасында қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ - ҚР СІМ

30.10.2022

Сеул қаласында болған қайғылы оқиғаның салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Корея Республикасындағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды. Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр.

Консулдық бөлім жанындағы жедел штабтың шұғыл байланыстары

Жұмыс тел.: +82 2 379-9714, +82 2 394-9716;

Ұялы тел.: +82 10 6682 2992, +82 10 6542 7771;

Эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.;

Мекен-жай: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul, 140-809 서울시 용산구 장문로 53, 140-809.

Осыған дейін Осыған дейін Сеулде Хэллоуин мерекесінде қаза болғандар саны 120-дан асқанын жаздық.

Сондай-ақ Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды.

TOP