Бір пәтерде дұрыс пайдаланылмаған газ баллоны көршілер үшін де қауіпті. Бұл туралы Жетісу облысы халқымен кездесуі барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Көбінесе газ баллондарын бір пәтерде дұрыс пайдаланбау және сақтау бүкіл кіреберісте бірнеше адам өліміне әкеледі. Осыған байланысты, газ жабдықтары мен тұрмыстық газ баллондарын пайдалану ережелері бойынша тұтынушыларға де, газ толтыру станцияларының иелеріне де қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тек жарамды газ жабдығын пайдалану қажеттігін еске салғым келеді. Сонымен қатар, екі қабаттан асатын көп пәтерлі үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салынады», — деп атап өтті Юрий Ильин.
Айта кетсек, 2014 жылдан бастап тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануын бақылау әкімдіктерге жүктелген («Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңның 7-бабы 5-тармағы).