Құрметті ұшқыштардың компаниясы (The Honourable Company of Air Pilots) 1929 жылы ұшу қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын көтермелеу үшін құрылған Лондондағы ең танымал қауымдастықтардың бірі. Жыл сайын компания авиация саласындағы көрнекті жетістіктері үшін бірқатар наградалармен марапаттайды. Марапаттау рәсімі Лондон қаласының қақ ортасында орналасқан Гилдхолл салтанатты ғимаратында өтеді және дәстүрлі түрде Ұлыбритания мен Достастық елдерінің авиаторлары марапатталады.
2022 жыл ерекше болды. Биылғы ресми дастарханда қазақстандықтардың есімдері аталды — капитан Вячеслав Аушев, екінші ұшқыштар Бауыржан Қарашолақов пен Сергей Соколов. Олардың барлығы Air Astana әуе компаниясында қызмет етеді және «ұшақ пен әріптестерін құтқару кезінде көрсеткен ерекше батылдығы және іс-әрекеттері үшін» Хью Гордон-Берге мемориалдық сыйлығымен марапатталды.
2018 жылдың 11 қарашасында ұшқыштарымыз Лиссабонда (Португалия) бөгде ұйым көрсеткен техникалық қызметтен кейін Embraer E190 ұшағымен базаға қайтару рейсін орындаған. Сол сәтте элерондарды басқару кабель жүйесінің дұрыс орнатылмауына байланысты, ұшқаннан кейін ұшақ басқарылмайтын болды. Экипаж кейбір кездерде әскери жойғыш ұшқыштардың шамадан тыс жүктемелерімен салыстырылатын 5 есе мөлшерде гравитациялық шамадан тыс жүктемелерді бастан кешірді. Дегенмен, ұшқыштар мәселені анықтап, бақылауды ішінара қалпына келтіріп, ұшақты Португалияның оңтүстік-шығысындағы Бежа әуе күштерінің базасына қауіпсіз қондыра алды.
Air Astana президенті Питер Фостер осы марапатқа орай былай деді: «Ұшқыштарымыздың шеберлігі мен батылдығы, сондай-ақ мінсіз кәсіпқойлығы әлемдік авиацияда әртүрлі деңгейлерде жоғары бағаланады және мойындалады. Біз ұшқыштарымызды мақтан тұтамыз және оларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз».