Вы находитесь здесь:Главная/Новости/2025 жылға дейін Жетісу облысында 4 өрт сөндіру депосы салынады

2025 жылға дейін Жетісу облысында 4 өрт сөндіру депосы салынады

28.10.2022

2025 жылға дейін Талдықорған мен Текеліде, Көксу және Алакөл аудандарында 4 өрт сөндіру депосы салынады. Бұл туралы Жетісу облысы халқымен кездесуі барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«2025 жылға дейін Талдықорған және Текелі қалаларында, Көксу және Алакөл аудандарында 4 өрт сөндіру депосын салу көзделген. Өңірді дамытудың 2026 жылға дейінгі жоспары шеңберінде 11 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу, 2025 жылға дейін құлақтандыру жүйесі мен өрт техникасын сатып алу қарастырылып отыр», — деді министр.

Юрий Ильиннің айтуынша, облыста түрлі мақсаттағы 123 техника бар. Биылғы жыл соңына дейін адамдарды құтқару, ТЖ-ның алдын алу және оларды жою үшін 8 техника сатып алу жоспарланып отыр.

TOP