Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Ауылда сұйық май қалаға қарағанда көп тұтынылады – статистика

Ауылда сұйық май қалаға қарағанда көп тұтынылады – статистика

27.10.2022

Қала тұрғындары күнбағыс майын ауыл тұрғындарына қарағанда аз тұтынады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

«Орта есеппен екінші тоқсанда жан басына шаққанда үй шаруашылықтары 3,5 литр күнбағыс майын тұтынған.

Ауыл тұрғындары үй шаруашылығында тоқсанына 3,7 литр май жұмсаса, қалалық жерлерде тұтыну көрсеткіші 3,3 литрді құрады», — делінген ведомство мәліметінде.

Биылғы қыркүйек айында күнбағыс майының бір литрі бөлшек саудада орта есеппен 891 теңгеден сатылды.

Өңірлер арасында майдың ең қымбат бағасы Қонаевта (1001 теңге) тіркелсе, ең арзан баға Өскемен қаласында литрі үшін 743 теңге.

TOP