Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Шымкентте заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр

Шымкентте заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр

27.10.2022

Шымкенттегі «Нұрсәт» ықшамауданында заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр. Жаңа нысан 7-18 жас аралығындағы 500 оқушыға шақталған, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

«Бұл жоба оқушыларды сабақтан тыс уақытта әртүрлі үйірмелерге қатыстыруды, баланың спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамытуды көздейді. Үш қабатты ғимарат 3 ірі блоктан тұрады. Онда оқу залдары, акт залы, 35 адамдық асхана бар. Сонымен қатар, 81 орындық көлік тұрағы да қарастырылған», — деп жазды ведомстводан.

Қазір 42 пайыз құрылысы аяқталған нысан келер жылы пайдалануға берілмек.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ электромобиль құрастырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Нұрсұлтан, Абылай, Дәурен есімді 3 жігіт «Beren motors» атты шағын кәсіпорын ашып, ескі көліктерден электромобиль жасауда.

TOP