Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Абай облысының Қабанбай ауылында жаңа спорт кешені бой көтерді

Абай облысының Қабанбай ауылында жаңа спорт кешені бой көтерді

25.10.2022

Республика күніне және Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай Абай облысының Үржар ауданы, Қабанбай ауылында жаңа спорт модулі салтанатты жағдайда ашылды. Спорт кешеніне «Дарабоз» атауы берілді. Бұл туралы өңір әкімдігінен мәлім етті.

Спорт модулінің үлкен залында қазақ күресінен «Түйе» және «Өгіз» палуаннан аудандық ашық турнир өтті. Жеңімпаздар аудан әкімі Нұржан Тоқсеитовтің арнайы дипломымен және қаржылай сертификатпен марапатталды.

«Шараға Қабанбай ауылынан шыққан спортшы жерлестер, елімізге танымал спортшылар және ауыл тұрғындары қатысты.

«Дарабоз» спорт кешені ауыл жастарының спортпен айналысып, болашақ чемпиондарды дайындайтын бірегей нысан болады», — делінген әкімдік мәліметінде.

TOP