Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өтпек болған Пәкістанның төрт азаматы ұсталды

Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өтпек болған Пәкістанның төрт азаматы ұсталды

25.10.2022

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болған Пәкістанның төрт азаматы ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Бірлескен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде шекарашылар мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтпек болған төрт шетелдікті ұстады.

Комитеттің мәліметінше, төртеуі де — Пәкістан азаматтары.

Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

TOP