Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Биыл 13 мыңнан астам этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді

Биыл 13 мыңнан астам этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді

22.10.2022

2022 жылдың басынан бері 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті.

«2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13 362 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 101,2 мың этникалық қазақ оралды», — делінген мәліметте.

Биыл Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (68,7%) Өзбекстаннан, 10% – ҚХР-дан, 7,9% – Түрікменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,8% — басқа елдерден келген. Олар негізінен Алматы (29,9%), Маңғыстау (16,7%), Түркістан (9%) және Жамбыл (6,5%) облыстарында, сондай-ақ Астана (7,8%), Шымкент (7,3%) және Алматы (5,8%) қалаларында қоныстанды.

«Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,9%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,5% және зейнеткерлер 13,7% құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 13,2% — жоғары білімді, 38,9% — арнайы орта білімді, 46% — жалпы орта білімді және 1,8% — білімі жоқ», — деп нақтылады министрліктен.

TOP