Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы қашан басталады

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы қашан басталады

22.10.2022

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Семей қаласында жаңадан салынатын жылу электр орталығы туралы мәлімдеді.

«Семейде жылу электр орталығын салу бойынша Президент тапсырмасын алдық. Бүгінде «Самұрық-Энерго» компаниясымен бірлесіп жұмыс кірістік. Жылу электр орталығын салуда отын ретінде көмірді қолдану жоспарлануда. Сонымен қатар орталық когенерациялық режимде жұмыс істейді. Яғни электр энергиясымен қатар жылу жүктемесін қоса қамтиды. Жаңа жылу электр орталығы Семей қаласы және жалпы Абай облысы үшін өте қажет», — деді Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, Семейде жаңа жылу электр орталығын салатын компания тендер арқылы анықталады.

Сондай-ақ, энергетика министрлігінің мәліметінше, аталған жобаны келесі жылдың тамыз-қыркүйек айында бастау жоспарланып отыр.

Еске салсақ, биыл қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырған еді.

«Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық», — деген болатын Президент.

TOP