Премьер-Министр Әлихан Смайылов ҚР Парламенті Мәжілісі отырысының аясында өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Шетелдік компаниялардың Қазақстанға келуі туралы:
Үкімет аймақтық өндірістері мен кеңселерін көшіруді егжей-тегжейлі зерттеу үшін 300 ірі фирма тізімін жасады. Бүгінгі таңда 56 компания біздің елімізде жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр. Олардың орналасу шарттары, уақыты және орны бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қазақстанға «көшіп келген» компаниялар арасында Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni және басқалары бар.
Astana LRT жобасын қаржыландыру туралы:
Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) құрылысы оңтайландырылған түрде жалғасады;
Жобаны қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Күзде жұмыстарды жүргізуге 20 млрд теңге бөлінді.
Премьер-Министр отандық білім беру жүйесіне сене ме? Балалары қандай мектептерде білім алып жатыр?
«Әрине, сенемін... Мен өзім Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыдым. Менің балаларым Астанада мемлекеттік мектепте оқиды».