Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Штормовое предупреждение объявлено в Мангистауской области

Штормовое предупреждение объявлено в Мангистауской области

13.10.2022

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлері қан тапсырды.

Аурухана баспасөз қызметі мәлім еткендей, донор күніне аталған медицина мекемесінің 62 қызметкері қан тапсыруға ниет білдірген, оның 15-і медициналық көрсеткіштерге байланысты қан тапсыра алмады.

«Осылайша 47 қызметкер барлығы 22 литр қан тапсырды. Аурухана донорлық қызметке белсенді қатысып келеді. Бұл шара бір жағынан ынтымақтастық пен ұйымшылдықты нығайту болса, енді бір жағынан қоғамның әл-ауқатын арттыруға қосқан шағын үлесіміз. Қалалық қан орталығының қолдауымен өткізілетін Донор күні біздің дәстүріміз деуге болады», — дейді Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнар Жантуова.

Қалалық қан орталығының донорлар жинақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Әбдіқадыровтың айтуынша, қан тапсыруға ниет білдірушілердің қатары жылдан жылға көбейіп келеді.

«Олардың ішінде жастар көп, бұл қуантпай қоймайды. Қанды кез келген дені сау, 18 жастан асқан, салмағы кем дегенде 50 кг болатын адам тапсыра алады. Әрине, донорлыққа қарсы көрсетілімдері болмаса. Бір адам тапсыратын 450 мл қанның физиологиялық дозасы үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Алматы — үлкен қала. Сондықтан донорлық қанға қажеттілік қашанда болады. Жүйелі қан тапсыру жүрек-тамыр жүйесін нығайтып, ағзаның өзін-өзі жаңарту қызметін қамтамасыз етеді, — дейді Нұрдәулет Әбдіқадыров.

TOP