Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12.10.2022

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан екпіні 16 м/с жел соғады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең дала тұманды болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

TOP