Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Қазақстан астанасында ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

Қазақстан астанасында ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

11.10.2022

Дәстүр бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Саммиті қарсаңында ү.ж. 12 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

Іс-шараға қатысушылар өңірлік және халықаралық күн тәртібі, сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.

ТМД сыртқы істер министрлері алдағы ТМД саммитіне, сондай-ақ ү.ж. 28 қазанда Астана қаласында жоспарланған ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қол қоюға шығарылатын құжаттардың жобаларын қарайды деп жоспарлануда.

TOP