Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламаларына түсуге өтінімдер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтеді және 3 кезеңнен тұрады:
- кешенді тестілеу
- тәуелсіз сарапшы комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу
- кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.
Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін 2 негізгі құжатты ғана ұсынуы керек — «Болашақ» бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындар тізіміндегі шетелдік университеттен шақыру, сондай-ақ нәтижесі кемінде B1 деңгейіндегі мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат.