Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстандық екінші айналымда жеңіліп қалды

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстандық екінші айналымда жеңіліп қалды

07.10.2022

Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Ғұсман Қырғызбаев Тәшкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті

Оның қарсыласы екі дүркін Олимпиада жүлдегері болған Баул Ан Оңтүстік Кореядан.

Негізгі уақыт тең аяқталды. Бұл ретте қарсылас екі ескерту алды және «шидодан»асып түсу арқылы жеңіліп қалу қаупін туғызды.

Алайда, қосымша уақытта Баул оңтайлы әдіс жасап Қырғызбаевты турнирден шығарып үлгерді.

TOP