Вы находитесь здесь:Главная/Новости/ҚР ИИДМ вице-министрі Румыния өкілдерімен кездесті

ҚР ИИДМ вице-министрі Румыния өкілдерімен кездесті

06.10.2022

Қазақстан-Румыния үкіметаралық комиссиясының аясында, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде вице-министр Алмаз Ыдырысов Румынияның көлік және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Адриан-Джордж Фогишпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар рұқсат бланкілерімен алмасу, жүк тасымалының ұлғаюы, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында, вице-министр А.Ыдырысов румыниялық әріптесіне логистика және инфрақұрылымды дамыту саласында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

TOP