Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Қарағандының өнеркәсіп өндірісінде өңдеу секторының үлесі 80 % құрайды - президент

Қарағандының өнеркәсіп өндірісінде өңдеу секторының үлесі 80 % құрайды - президент

05.10.2022

Қарағанды облысының өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өңдеу секторының үлесі 80 пайызды құрайды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайдыт Ақорданың баспасөз қызметі

«Облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өңдеу секторының үлесі 80 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша аймақ көш бастап тұр. Сондай-ақ осы бағытты одан әрі дамыту үшін облыстың мүмкіндігі мол. Биылғы шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңдеу саласындағы инвестициялық жобалардың пулын жасақтау жұмыстарына баса мән беру қажеттігі туралы айттым. Күрделі геосаяси ахуалға және әлемдік экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты отандық экономиканы әртараптандырудың маңызы одан әрі арта түседі», деді Мемлекет басшысы.

TOP