Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Қарағанды табиғи байлығымен ғана қазыналы деп аталмағаны анық - президент

Қарағанды табиғи байлығымен ғана қазыналы деп аталмағаны анық - президент

05.10.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қарағанды табиғи байлығымен ғана қазыналы деп аталмағаны анық. Сарыарқаның дәл жүрегінде орналасқан аймақтың рухани қазынасы да орасан зор.

Талай тарихи оқиғаның куәсі болған шежірелі аймақтан қазақтың көптеген біртуар тұлғалары шыққан. Қарағанды өңірі – Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков сияқты Алаш арыстары дүниеге келген қасиетті жер», — деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды өңіріне келген болатын.

TOP