29 қыркүйекте ПТР тестінің нәтижесінде Қазақстан бойынша 89 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің телеграм каналы
Коронавирус жұқтырған науқастар:
Астана қаласында — 18,
Алматы қаласында — 11,
Шымкент қаласында — 1,
Ақмола облысында — 15,
Ақтөбе облысында — 2,
Алматы облысында — 2,
Атырау облысында — 1,
Шығыс Қазақстан облысында — 1,
Батыс Қазақстан облысында — 5,
Қарағанды облысында — 8,
Ұлытау облысында — 1,
Қостанай облысында — 7,
Павлодар облысында — 1,
Солтүстік Қазақстан облысында — 10,
Түркістан облысында — 3.
Жалпы, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 393 557 жетті.
Сондай-ақ, кешегі тәулікте 127 адам жазылып шықты. COVID-19 инфекциясынан емделгендер саны 1 378 657 адам болды.