Вы находитесь здесь:Главная/Новости/AFSA GB Insurance Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтатты

AFSA GB Insurance Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтатты

29.09.2022

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) GB Insurance Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын компанияға берілген лицензия шарттарын орындамағаны үшін дереу тоқтату туралы шешім қабылдады.

Компания AFSA қойған мынадай шарттарды орындамаған:

• Компания AFSA-ның келісімінсіз және есертусіз қызметін бастаған;

• Сақтандыру компаниясы ретінде қызметін бастар алдында алдын-ала шарттарды орындамаған;

• Компания өзі енгізуі тиіс актуарлық саясат, процедуралар және жүйе мен бақылауды енгізбеген және AFSA-дан келісім алмаған;

• AFSA-ның рұқсатынсыз мынадай қадағалаушы қызмет функцияларын Тәуекелді басқару менеджері, Ішкі аудит менеджері және Бекіту актуарий қызметтеріне кісі алған;

• Тиісті адамдарсыз және еш жағдайсыз тәуекелді сақтандыру саласында қызмет атқарған.

AFSA миссиясы әділ және ашық қаржылық, капитал нарығын қамтамсыз ететін орта құру, өйткені жеке тұлғалар мен кәсіпорындар соған қарай бой түзейді, әрі АХҚО мен AFSA сүйенетін халықаралық жоғарғы корпоративтік басқару талаптарына сай болу.

TOP