Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Талдықорғанда тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды

Талдықорғанда тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды

27.09.2022

Талдықорғанда арнайы операция барысында тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды. Бұл туралы Рolisia.kz мәлім етті.

Станьте резидентом ОАЭ! Рассрочка без%. Доходность до 15% годовых в USD!

«26 қыркүйек күні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің қызметкерлерімен және Ұлттық ұланның «Бүркіт« арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп Талдықорғанда арнайы операция өткізді.

Қала орталығындағы қонақүйлердің бірінде тәртіп сақшылары оқ-дәрінің толық жиынтығы бар тапаншамен қаруланған 38 жастағы ер адамды ұстады», — делінген мәліметте.

TOP