Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Қытай шекарасынан 51 тонна автокөлік бөлшектерін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Қытай шекарасынан 51 тонна автокөлік бөлшектерін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

27.09.2022

Қытай шекарасынан 51 тонна жүкті заңсыз өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«Шекара қызметі «Алтынкөл» өткізу пунктінде жалпы салмағы 51 тонна 826 кг құрайтын декларацияланбаған жүкті (автомобильдің қосалқы бөлшектері) өткізу әрекетінің жолын кесті. Материалдар мен ұсталған жүк құзыреті бойынша тергеу үшін Жетісу облысының Экономикалық тергеу департаментіне берілді», — делінген комитеттің хабарламасында.

TOP