Вы находитесь здесь:Главная/Новости/Өткен тәулікте 151 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 151 қазақстандық коронавирус жұқтырды

22.09.2022

21 қыркүйек күні Қазақстанда 151 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің телеграм каналы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 151 науқас тіркелді. Оның ішінде:

Астана қаласында — 16,

Алматы қаласында — 13,

Шымкент қаласында — 1,

Ақмола облысында — 35,

Ақтөбе облысында — 9,

Алматы облысында — 1,

Жетісу облысында — 2,

Атырау облысында — 2,

Шығыс Қазақстан облысында — 8,

Абай облысында — 4,

Жамбыл облысында — 1,

Батыс Қазақстан облысында — 10,

Қарағанды облысында — 12,

Ұлытау облысында — 4,

Қостанай облысында — 14,

Қызылорда облысында — 0,

Маңғыстау облысында — 1,

Павлодар облысында — 5,

Солтүстік Қазақстан облысында — 11,

Түркістан облысында — 2.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 392 885 болды.

Сондай-ақ, 2 672 адам осы дерттен жазылды. Емделіп шыққандар саны 1 370 531-ге жетті.

TOP