ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды
Бүгінгі жиынға депутаттық корпустан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда келген.
Сонымен қатар Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, мемлекеттік ұйымдар басшылары, азаматтық қоғам өкілдері де қатысып отыр.
Мәжілістің 107 депутатының 99-ы және Сенаттың 55 депутатының 50-і жиында.
Бірлескен отырыста «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Бұл тақырып бойынша ҚР Әділет министрі Қанат Мусин баяндама жасады.